Қазіргі уақытта мемлекетіміздің білім жүйесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселесі алдыңғы қатардағы мәселелердің бірі болып табылады. Осы кезекте білім жүйесінде аталған бағытта міндетті талаптарды сақтауға, құжаттамалық талаптар жүйесін енгізуге , қолдауға, талдауға және жақсартуға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент жүйелері сұранысқа ие. Осындай сұраныс қажеттілігін ескере отырып, бүгін Шәкәрім университеті халықаралық стандартының талаптарына сәйкес ISO 37001-2016 сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету менеджменті жүйесі өз аудиторларын оқытты.
Оқытуды Словакияның SNAS Ұлттық аккредиттеу қызметінің Еуропалық аккредитациясына ие Халықаралық сертификаттау органы - CERT International өткізді.
Төрт күндік оқытуды және арнайы білім тестілеуінен өтіп Шәкәрім университетінің қызметкерлері мен басшылары: Басқарма Аппаратының Басшысы-С.М.Турдин, Басқарма мүшесі-Әлеуметтік және тәрбие жұмысы жөніндегі проректоры-Ісбек Берікхан, Басқарма мүшесі-академиялық мәселелер жөніндегі проректоры-И.А.Оралқанова, Басқарма мүшесі-ғылым және инновациялар жөніндегі проректоры- Ж.Қ.Молдабаева, білім сапасын бақылау орталығының маманы-Ж.А.Монобаева және Әлеуметтік мониторинг және болжамдау орталығының басшысы, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі әдеп уәкілі М.Т.Абдикакимов ISO 37001-2016 сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету менеджменті жүйесінің менеджері сертификатын иемденді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттың мақсаты сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу, құқықтық сауаттылықты және университет қызметінде, оның қызметкерлері мен басшылық құрамының жемқорлық көріністеріне нөлдік төзімділікті арттыру болып табылады. Сондықтан да осы деңгейдегі мәдениетті көрсету үшін алдағы уақытта университет құрылымында қызмет ететін персонал алдында жоспарлы түрде ISO 37001-2016 сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету менеджменті жүйесінің талаптарын сақтай отырып осы жүйені басқаруға енгізіп, ISO 37001:2016 стандарты бойынша сертификаттау аудитінен сәтті өту мақсаты тұр.