Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі26 қыркүйек 2022семинар-тренинг, эразмус

ЕУРООДАҚТЫҢ ERASMUS+ БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА СЕМИНАР-ТРЕНИНГТЕР БАСТАЛДЫ

Шәкәрім университеті мен Электротехникалық колледжі базасында ERASMUS+ бағдарламасы шеңберінде Еуропалық Одақ қаржыландыратын KazDual - "Қазақстанда дуалды жүйені енгізу" тақырыбында бірқатар іс-шаралар кешені бастау алды.
Білім беру саласында бүгінде өміршең реформалар мен жаңа бағдарламалар, жобалар көп. Соның бірі – KazDual жобасы. Біздің ЖОО-да дуалды оқыту элементтері педагогика, тағамдық инженерия, технологиялық машиналар, аграрлық және ветеринарлық сияқты кадрларды даярлау бағыттары бойынша белсенді енгізілуде. Бүгінгі таңда ЖОО-ға дуалды оқытуды ұйымдастырудың жаңа жүйелі тетіктері қажет. Жоба бірлескен жұмысты тиімді шешімдер әзірлеуге, дуалды оқыту моделін құруға мүмкіндік береді.
Германиядағы Отто фон Герике Магдебург университетінің және Австриядағы Тироль педагогикалық университетінің серіктестері дуалды оқыту жүйесін ұйымдастыру және дуалды бағдарламаларды дидактикалық сүйемелдеу тақырыбында семинарлар өткізді.
Іс-шараға М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті, Абай атындағы ҚазҰПУ, академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті, Қарағанды жоғары политехникалық колледжі және Семей электротехникалық колледжінің делегаттары қатысты.