Мәтінді пайдалауды анықтаудың лицензиялық жүйелері бар болуы туалы ақпарат

Шәкәрім университеті "Plagiat.pl" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің филиалымен шарт жасасты. Шарттың қолданылу мерзімі 2024 жылдың желтоқсанынан 2028 жылдың желтоқсанына дейін.

StrikePlagiarism.com - бұл 2002 жылы құрылған Plagiat.pl компаниясына тиесілі халықаралық антиплагиат жүйесі. Бұл жүйені 46 елде және Еуропа мен Азияның жетекші университеттерін қоса алғанда, 1500-ден астам білім беру мекемелері белсенді қолданады.

StrikePlagiarism.com қазақ, орыс, ағылшын, неміс, испан, қытай және басқаларын қоса алғанда, 200-ден астам тілдегі мәтіндерді талдауға мүмкіндік беретін жасанды интеллект (ЖИ) негізіндегі бірегей алгоритмге ие.

Жүйе ғылыми және академиялық жұмыстарды терең тексеруді қамтамасыз ететін ірі халықаралық ғылыми мәліметтер базасымен және агрегаторлармен біріктірілген. Антиплагиат тек мәтінді анықтауға  ғана емес, сонымен қатар парафразаланған және жасырын плагиатты талдауға мүмкіндік береді StrikePlagiarism.com Академиялық адалдық саласындағы көшбасшылардың бірі.

https://strikeplagiarism.com/en/

StrikePlagiarism договор

Ғылым