Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім вице-министрі Динара ЩегловаShakarim University-дегі Huawei ICT дәрісханасында болып, оқу орнында жүзеге асырылып жатқан цифрландыру жұмыстарының, яғни «AI-Sana» бағдарламасы бойынша жоспарланған жобалардың жайына қанықты.
Сондай-ақ. ЖасStar коворкинг орталығында студенттерге ашық дәріс өткізді.
Елдің ғылыми-технологиялық дамуына жаңа серпін бере отырып, білікті кадр даярлау және жасанды интеллект (ЖИ) технологияларын дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасауға бағытталғанAI-Sana инновациялық бағдарламасына арналған дәрісте Динара Ринатқызы бұл бағдарламастуденттер мен оқытушылардың жаңа ойлауын қалыптастыру құралы ғана емес, сонымен қатар, қазақстандық жоғары оқу орындарының дәстүрлі білім беру тәсілінен ғылыми-зерттеу тәсіліне көшуіндегі маңызды қадам екенін атап өтті.
AI-Sana – бұл студенттер арасында жасанды интеллект дағдыларын жан-жақты дамытуға бағытталған бірегей бағдарлама. Ол 100 мың қатысушыны қамти отырып, ұлттық экономиканың әлеуетін арттыруға және технологиялық кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған.
Нақтырақ айтсақ, AI-Sana бағдарламасы білім беру, зерттеу және қолданбалы тәсілдерді біріктіруді көздейді:
- Жасанды интеллект (ЖИ) саласындағы негізгі білім мен дағдыларды дамыту.
- Экономиканың түрлі салаларында ЖИ технологияларын енгізу үшін білікті мамандарды даярлау.
- Жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттары базасында DeepTech-стартаптардың қалыптасуына ықпал ететін тұрақты экожүйе құру.
Бағдарлама жоғары оқу орындарына дәстүрлі білім беру тәсілдерінен ғылыми-зерттеу бағытындағы жұмысқа көшуге мүмкіндік беріп, оқыту мен зерттеудің жаңа әдіс-тәсілдерін дамытуға бағытталған.