пресс-служба Университета Шакарима11 март 2025шәкәрім

УНИВЕРСИТЕТ ПЕН МЕКТЕПТІҢ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ

Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті» КеАҚ пен «Қазақстан инновациялық академиясының жоғары колледжі» ЖШС «Semey New School» арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды. Ынтымақтастықтың негізгі мақсаты – білім беру сапасын арттыру, оқушыларға кәсіптік бағдар беру, педагогикалық білім беру бағдарламалары негізінде маман даярлау бойынша ұзақ мерзімді байланыс орнату.

 

 

Меморандум шеңберінде  тараптар:  университет пен мектеп арасындағы әлеуметтік әріптестік пен өзара іс-қимыл тетіктерін арттыру үшін  дуальды оқыту элементтерін енгізу, мектеп оқушыларының ғылыми-зерттеу жұмыстарына бағыт-бағдар беру, университет білім алушыларының практикалық дағдыларын бірлесіп дамыту, білім алушылардың мектепте кәсіби іс-тәжірибеден өтуіне жағдай жасау, практика барысында өзін жақсы көрсеткен білім алушылардың жұмысқа орналасуына қолдау көрсету, білім беру ұйымы мамандарының біліктілігін арттыру т.б. ортақ бастамаларды жүзеге асыруды жоспарлап отыр.

 

 

Бұл меморандум екі білім беру ұйымының арасындағы байланысты нығайтып, студенттердің кәсіби құзыретін арттыруға мүмкіндік береді. Тараптар жастардың әлеуетін арттыру, оларды еңбек нарығына дайындау және білім беру саласында үздіксіз даму мен инновациялық шешімдерді енгізу бағытында бірлесе жұмыс істейтін болады.