АР09259846 "Ауылшаруашылық пен тамақ өндірісінің қалдықтарын өңдеуге арналған технологиялық процестерді басқарудың интеллектуалды жүйесі бар оңтайлы модульдік биогаз кешенін әзірлеу және құру"

Жоба жетекшісі: Нургалиев Нуржан Нурлыбекович, PhD доктор, ScopusAuthor ID: 57194617275 Researcher ID: 3443-2020 ORCID: 0000-0003-1216-7150


Өзектілігі:

Жаңартылатын энергия көздерінің түрлерінің бірі - биогазды (тазартылған түрдегі биометанды), биомассаны, ең алдымен ауылшаруашылық және тамақ өнімдерін қайта өңдеу зауыттарындағы органикалық қалдықтарды, ағынды сулар мен тұрмыстық қалдықтарды, сондай-ақ энергетикалық дақылдар мен балдырларды анаэробты метанмен ашыту арқылы алады. Жаңартылатын энергия көздерінің басқа түрлерімен салыстырғанда биомасса энергиясын метанды ашыту арқылы пайдаланудың тиімділіг (күн мен желдің энергиясынан айырмашылығы) - ол метеорологиялық жағдайлардан тәуелсіздігі, яғни энергияны пайдаланудағы үздіксіздік пен тұрақтылық. Қазақстан Республикасында өндіріс, энергия тиімділігі, сенімділік, пайдаланудың қарапайымдылығы, техникалық қызмет көрсету, жөндеу және арзан бағалар тұрғысынан отандық (жергілікті) материалдардан жасалған өзіндік әзірленген биогаз қондырғыларын енгізу перспективалы болып табылады.


Мақсаты:

Қалдықтарды өндеу кезінде биометан шығымын арттыру және метанның ашыту уақытын қысқарту үшін биоыңталанғыштарды қолданатын инновациялық технологиямен автоматтандырылған интеллектуалды басқару жүйесі бар отандық материалдардан модульдік биогаз кешенін әзірлеу.


Күтілетін нәтиже:

Сенімді, қымбат емес, жаблдықтары аз энергия тұтынатын, отандық материалдан жасалынатын, модулді тәріздес әртүрлі өнімділікті қамтитын биогаз қондырғысыны әзірлеу және жасау; Өңдеу процесі толық автоматтандырылған табиғи отандық өсімдік және органикалық шикізаттары негізіндегі тиімді өзіміз әзірлеген биоынталандырғыштар қолданылатын жаңа технологияны және климаттық жағдайларды ескере отырып, әртүрлі органикалық қалдықтардың метандық ашытуының оңтайлы режимін жасау; Биогаз қондырғысындағы технологиялық процестерді басқаружүйесін автоматтандыруға қажетті бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу; Экологиялық қауіпсіз, толыққанды биотыңайтқыштарды алу және метанның сапалы тазалануы; Ғылыми-техникалық құжаттаманы дайындау және қымбат емес биогаз қондырғысын шаруашылық қожалықтарына, тамақ өнеркәсібі саласындағы қайта өңдеу кәсіпорындарына енгізу; Соңғы өнімдерге (биогаз, биометан және биотыңайтқыштар) техникалық шарттарды әзірлеу және технологиялық жабдықтың (биогаз қондырғысы) технологиясы, қолдануы, қызмет көрсетуі, жөңдеу жұмыстарының нұсқаулығын дайындау.


Қол жеткізілген нәтиже:

1. Отандық және шетелдік дереккөздерді талдау негізінде екі аналитикалық шолу және Scopus деректер базасына нөлдік емес импакт-фактормен енгізілген бір мақала жарияланды (1.«Обзор развития биогазовой отрасли и перспективы внедрения биогазовых установок в Казахстане», Аналитикалық шолу, 45б., МРНТИ 622.324, ББК 33.362, ISBN 978-601-248-985-9, Алматы 2021; 2. «Биостимуляторы из отечественного натурального органического сырья для биогазовых установок», Аналитикалық шолу, УДК 662.234, ББК 33.362, ISBN 978-601-248-989-7, Алматы 2021 және импакт-факторы нөлден жоғары ммақала«Development of the biogas industry and prospects for the implementation of biogas plants in Kazakhstan» 2413-2179 (online) //Eurasian physical technical journal, 2021, Vol.18, N.3(37) p.1811-1165 (print));

2. Жаңа тәжірибелік өндірістік биогаз қондырғысының (БҚ) технологиялық және жобалық параметрлерінің инженерлік есебі жүргізіліп, оңтайлы жобасы әзірленді.

3. Модульдік үлгідегі темірбетонды көлденең орналасқан биогаз қондырғысының құжаттамасы әзірленді.

4. Екі модульді биореакторы бар, жер асты темірбетонды биореактор қондырғысын қаптауға арналған металл қаңқа, мойынтіректері, арматуралық жақтау, 4 люк қаңқасы бар металдан құрастырылған жиналмалы қалып дайындалды.

5. Жерасты оқшауланған темірбетонды екі модульді биореакторды құру бойынша құрылыс-монтаж жұмыстарының соңғы кезеңдері жүргізілуде.


Зерттеу тобының мүшелері
  • Аты-жөні: Акимжанов Асхат Жумагалиевич

    Scopus Id:

    Researcher Id:

    ORCID:

    Қосымша:

  • Аты-жөні: Шаяхметов Ержан Ярнарович

    Scopus Id:

    Researcher Id:

    ORCID:

    Қосымша:

  • Аты-жөні: Абильмажинов Ермек Толегенович

    Scopus Id:

    Researcher Id:

    ORCID:

    Қосымша:

  • Аты-жөні: Анибаев Серик Мукатаевич

    Scopus Id:

    Researcher Id:

    ORCID:

    Қосымша:

  • Аты-жөні: Толысбаев Бауыржан Советович

    Scopus Id:

    Researcher Id:

    ORCID:

    Қосымша:

  • Аты-жөні: Шакерхан Капан

    Scopus Id:

    Researcher Id:

    ORCID:

    Қосымша:

  • Аты-жөні: Сайлауов Дархан Максатович

    Scopus Id:

    Researcher Id:

    ORCID:

    Қосымша: