AP15473239 "Шығыс Қазақстан территориясында депортация үдерісі және олардың тарихи жадтағы көрінісі (1937-1956 жж.)"

Жоба жетекшісі: Жанкадамова Гульмира Акикатовна, ORCID ID - 0000-0003-3915-2303


Өзектілігі:

1937-1956 жылдар аралығындағы Шығыс Қазақстандағы депортациялық процестердің тарихы осы уақытқа дейін кешенді зерттелмеген. Қазіргі уақытта отандық және шетелдік тарихнамада аталған тақырып бойынша жеке ғылыми еңбек жоқ. Жобаның маңыздылығы мен ғылыми әлеуеті оның этникалық депортация, арнайы қоныс аударушылардың күнделікті өмірі сияқты Қазақстан тарихының өзекті проблемалары бойынша болашақ зерттеулер үшін қажетті негіз қалауымен негізделген.

Жобаны әзірлеудің алғышарттары докторанттың диссертациялық зерттеуінде көрініс тапқан, 1937-1956 жылдардағы Шығыс Қазақстандағы депортациялық процестерді зерттеу бойынша жұмыс тәжірибесінен тұрады. Жоба тақырыбы бойынша отандық мұрағаттардағы, Барнаул қаласындағы мұрағат қорларындағы құжаттар мен материалдарды жинау және талдау жүргізілді.

Жобаны іске асыру барысында аталған тақырып бойынша жаңа мұрағаттық құжаттар анықталады. Жүйелендіруден кейін барлық материалдар мұқият дереккөздік талдаудан және салыстырмалы талдаудан өтеді.


Мақсаты:

Әр ұрпақтың қабылдауы арқылы тарихи құжаттарда, жеке сипаттағы құжаттарда, ауызша естеліктерде көрініс табатын Шығыс Қазақстанға депортацияланған этностардың тарихи жадын зерттеу. Тарихи жады контекстінде жасампаздықты, гуманизмді, бірлікті қамтитын біріктіруші факторларды ең қайғылы оқиғалардан табуға болады.


Күтілетін нәтиже:

- рецензиялаудан өткен және кемінде екі профессор ғылыми атағының және/немесе ғылым докторы ғылыми дәрежесінің иегерлері жариялауға ұсынған постдокторанттың үлесі 6 б. п. кем емес 1 (бір) кем емес монография;

- рецензияланған шетелдік және (немесе) БҒСҚК ұсынған отандық басылымдарда 5 (бес) мақаладан және(немесе) шолулардан кем емес

- отандық және шетелдік мұрағаттардан табылған деректерді ғылыми айналымға енгізу;

- жобаның зерттеу тақырыбы бойынша республикалық және халықаралық конференциялар, семинарлар мен дөңгелек үстелдерге қатысу;

- шетелдік ғалымдарды қатыстыра отырып зерттеу тақырыбы аясында «Диалогтік алаң» ұйымдастыру;

- университет базасында жобаның тақырыбы бойынша ғылыми семинар ұйымдастыру.


Қол жеткізілген нәтиже:

2022

  • Г.Жанкадамова, Б.Атантаева, Р.Ахметова, А.Карибаева. Неміс халқының Қазақстанға жер аудару тарихы ұрпақ естеліктерінде. Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Тарих ғылымдары. Философия. Дінтану сериясы. No4(141)/2022. DOI: https://doi.org/10.32523/2616-7255-2022-141-4-37-4...

2023

  • Г.Жанкадамова, Р.Ахметова, Б.Атантаева. Солтүстік Кавказдан Қазақстанға жер аударылғандардың тағдыры туралы мұрағаттық материалдар (Семей облысының мысалында). Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих жәнесаяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы, No3(78), 2023. https://bulletin-histsocpolit.kaznpu.kz/index.php/...
  • Г.Жанкадамова, Р.Ахметова, Г.Абенова. Шығыс Қазақстан аумағына депортацияланған халықтар арнайы қоныс режимі жағдайында. Вестник ЕНУ им. Л.Н.Гумилева. Серия: Исторические науки. Философия. Религиоведение. No3(144)/2023. DOI: https://doi.org/10.32523/2616-7255-2023-144-3-138-...
  • Г.Жанкадамова, Б.Атантаева, Р.Ахметова. Ауызша тарих контекстіндегі Шығыс Қазақстандағы депортация процестері . КазҰУ Хабаршысы. Тарих Сериясы. No3(144)/2023. DOI:https://doi.org/10.26577/JH.2023.v110.i3.07
  • Г.Жанкадамова, Р.Оспанова , Т. Кариева. Шығыс Қазақстанға қоныстанған «сенімсіз халықтар» Отан тарихын зерттеу сегменті ретінде. ҚР ҒЖБМ Ғылым комитетінің Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының «edu.e-history.kz» электрондық ғылыми журналы. No4(10)/2023.. https://doi.org/10.51943/2710-3994_2023_36_4_744-7...


Зерттеу тобының мүшелері
  • Аты-жөні: Атантаева Бахыт Жумагазыевна

    Scopus Id: 57210257851

    Researcher Id: DUU-7277-2022

    ORCID: 0000-0001-6104-9797

    Қосымша: