AP13067966 "Алаш идеясының индексі және жаһандық мәдениеттегі интерпретациясы (Ахмет Байтұрсынұлы аудармалары негізінде)"
Жоба жетекшісі: Аубакирова Карлыгаш Адильхановна, PhD докторы, - жоба жетекшісі Индекс Хирша - 3, ORCID 0000-0002-1872-9591 Scopus Author ID 57205143914
Өзектілігі:
Алаш идеясының индексі және жаһандық мәдениеттегі интерпретациясы (Ахмет Байтұрсынұлы аудармалары негізінде) жобасы Ахмет Байтұрсынұлы аудармалары негізінде алаш идеясының өзге мәдениеттердегі интерпретациясы мен индексін қазақ халқының танымымен салыстыра отырып анықтау және кешенді түрде зерттеуге бағытталған. Зерттеу объектісі –Ахмет Байтұрсынұлының өмір жолы, аудармалары және Алаш идеясы.
Мақсаты:
Жобаның негізгі мақсаты – Ахмет Байтұрсынұлы аудармалары негізінде Алаш идеясының өзге мәдениеттердегі интерпретациясы мен индексін қазақ халқының танымымен салыстыра отырып анықтау. Сондай-ақ, ұлттық идея мен Алаш идеясының ортақ сипаттары мен ерекшеліктерін саралап, символдық мәнге ие кодтар мен тұжырымдарды ғылыми негізде сараптау, практикалық қолданылысын анықтау.
Күтілетін нәтиже:
· Ахмет Байтұрсынұлының өмір жолы, ғұмырнамалық кезеңдері, шығармашылық мұрасы, қайраткерлік-күрескерлік һәм ағартушылық-педагогикалық қызметіне қатысты деректерді жинақтау үшін Ташкент, Орынбор, Мәскеу, Алматы, Анкара, Денизли қалаларына іссапар ұйымдастырылып, жиналған мәліметтер ғылыми сараптамадан өтеді;
· Жинақталған материалдар негізінде Алаш идеясының индексі мен Ахмет Байтұрсынұлына қатысты электронды нұсқада және баспадан 1000 тираж көлемінде 1 монография, 1 қосымша
оқу құралы әзірленеді (орта мектеп оқушылары мен жоғары оқу орны студенттеріне арналған);
· Ахмет Байтұрсынұлының әдеби-көркем аудармалары түпнұсқасымен салыстырылып, талданады. Түпнұсқа мәтін мен телтума мәтін бірге қамтылған, жаңа көзқараспен даярланған
«Ахмет Байтұрсынұлы һәм Алаш идеясы» тақырыбы негізінде 5 дижитал форматтағы видеоөнім жасалады;
· «Алаш идеясының индексі және жаһандық мәдениеттегі интерпретациясы (Ахмет Байтұрсынұлы аудармалары негізінде)» тақырыбы аясында Web of Science базасының Social Science Citation Index немесе Arts and Humanities Citation Index индекстелетін және (немесе) Scopus базасындағы CiteScore бойынша 35 (отыз бес)процентильге ие рецензияланатын ғылыми басылымда кемінде 1 (бір) мақала немесе шолу және ҚР БҒСҚК ұсынған рецензияланатын шетелдік және (немесе) отандық басылымда кемінде 2 (екі) мақала және (немесе) шолу мақала жарияланады;
· Ахмет Байтұрсынұлы туралы жазылған түрік ғалымы Н.Бирайдың «Ахмет Байтұрсынұлы» монографиясы қазақ тіліне тәржімаланып, электронды нұсқада жарияланады;
· Т.Тугайдың «Оренбургский путь Ахмета Байтурсынова» еңбегі қазақ тіліне аударылып, аударма кітап электронды нұсқада жарияланады;
· Зерттеу нәтижелері ретінде Ахмет Байтұрсынұлының әдеби аудармалары және Алаш индексі жайлы зерттеу тобы мүшелерінің әдебиет, тіл, тарих мәселелеріне қатысты халықаралық, республикалық конференцияларда ғылыми баяндама жасалып, БАҚ-да мақала, интервью түрінде насихатталады. Жобаны іске асыру нәтижесінде дайындалған ғылыми-техникалық өнімдер (монография, көмекші оқу құралы, электронды аударма кітаптар, ғылыми мақалалар, дижитал өнімдер және т.б.) қорғау құжатымен, енгізу актісімен, енгізу жөніндегі ұсынымдармен, лицензиялық келісіммен қоса, коммерци
Қол жеткізілген нәтиже:
Жоба барысында Ресей, Түркия, Өзбекстан мемлекеттерінің кітапханалары мен сирек қолжазбалар қорынан, мұрағаттарынан аса құнды тарихи деректер жинақталып, көшірмелер жасалып, ғылыми айналымға енгізілді. Алаш тақырыбын зерттеп жүрген шет ел (Ресей, Өзбекстан, Түркия, Жапония т.б) және Қазақстан ғалымдарынан видеосұхбаттар алынды. Деректі фильмге қажет тың деректер мен ғылыми тұжырымдар жинақталып, конференция мен симпозумдарда баяндамалар жасалды. Т. Тугай мен Н. Бирайдың, сондай-ақ С.Саболдың ееңбектері қазақ тіліне тәржімаланды. IT өнім ретінде зерттеу жұмысының нәтижесінде видеороликтер жасалып, аталған видеоөнімдер «Қазақстан» ұлттық корпорациясымен жасалған келісім-шарт негізінде 70 жылға республикалық арналарда телеэфир айналымына ұсынылды. Скопус және ҒЖБССҚК дерекқорына енетін журналдарда мақалалар жарияланып, Н.Бирайдың, Т.Тугайдың және С.Саболдың аударма кітаптары толық тәржімаланды. Алаш қайраткері Ахмет Байтұрсынұлына арналған «Инфографика» әзірленіп, баспаға ұсынылды. «Алаш идеясының интерпретациясы» монографиясы баспаға әзірленуде. Аталған өнімдердің барлығы Шәкәрім университетінде 4 қазанда өтетін «Алаш идеясы және жаһандық мәдениет» конференциясында таныстырылады.
2022
- Аубакирова К.А. Çeviri Felsefesi ve Yorumlama (Ahmet Baytursunoğlu Çevirileri Temelinde) // Кардеш калемлер, 16(189) қыркүйек 2022ж.
- Сәйдірахман Ұ. Soviet Origins of Kazakh Printing: National Interests and Political Conflict // Кардеш калемлер, 16(189) қыркүйек 2022 ж.
- Тоқтарбай Е. Ahmet Baytursunoğlu ve Türlerin Sınıflandırılması // Кардеш калемлер, 16(189) қыркүйек 2022 ж.
- Кәрімхан З. ШЫҒЫС ТҮРКІСТАНҒА САПАР: АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ ЖӘНЕ ТАҢҒЫТ ҮКІРДАЙ Ахмет Байтұрсынұлы - ұлт ұстазы. // халықаралық конференция материалдары, 11 қараша, Алматы 2022 ж.
- Рахметтулин Е. АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ ЖӘНЕ ДАЛА ӨЛКЕСІНДЕГІ ҚУДАЛАУ САЯСАТЫ (1905-1910) Ахмет Байтұрсынұлы - ұлт ұстазы. // халықаралық конференция материалдары, 11 қараша, Алматы 2022 ж.
- Сәйдірахман Ұ. КЕҢЕСТІК БАСЫЛЫМДАР БАСТАУЫНДАҒЫ ТІЛ МӘСЕЛЕСІ Ахмет Байтұрсынұлы - ұлт ұстазы. // халықаралық конференция материалдары, 11 қараша, Алматы 2022 ж.
2023
1. Қ. Әубәкірова, З.Кәрімхан. «Алаш идеясы және империализм» мақаласы ҒЖБССҚЕК дерекқорына енетін «Қарағанды университетінің хабаршысы. Тарих. Философия сериясы» журналында жарияланды. №2(110) 2023 ж. https://rep.ksu.kz//handle/data/16639
- Аударма кітаптар бойынша тәржіма жұмыстары жүргізілуде.
- Видеоролик және инфографика бойынша материалдарға сараптама жасалды.
2024
- Касымова «Қазақ және түрік тілдеріндегі грамматикалық терминдердің бірізділік мәселесі туралы» тақырыбындағы ғылыми мақаласы ҒЖБССҚЕК дерекқорына енетін «Тілтаным» журналының 2024 жылғы №1 санында жарияланды https://doi.org/10.55491/2411-6076-2024-1-46-54
- Қ. Әубәкірова, Ұ. Сәйдірахманның «Алаш идеясы және цензура» мақала ҒЖБССҚЕК дерекқорына енетін «Қоғам және дәуір» журналының 2024 жылғы №2 санында жарияланды. https://doi.org/10.52536/2788-5860.2024-2.05
- Қ.Әубәкірова, Е.Рахметуллин, «Censorship of the Soviet Union in Kazakhstan» мақаласы Скопус дерекқорына енетін «Scientific Herald of Uzhhorod University» журналының 55 санында жарияланды. https://doi.org/10.54919/physics/56.2024.54aib5
- «Алаш тағылымы» сериясымен түсірілген видеороликтер Қазмедиа, Абай арнасымен жасалған келісім-шарт негізінде 70 жылға видеоөнім ретінде ұлттық арнадан айналымға берілді. Келісім-шарт №К-05/03/2024, 03.05.2024.
- Н.Бирай, Т.Тугай және С.Саболдың кітаптары және инфографика күнтізбелік жоспарға сай әзірленіп, баспаға ұсынылды.
Зерттеу тобының мүшелері
-
Аты-жөні: Касымова Асем Аленовна, PhD
Scopus Id: 57224119099
Researcher Id: -
ORCID: 0000-0002-8783-888_
Қосымша:
-
Аты-жөні: Рахметуллин Еркин Ерланович, Гуманитарлық ғылымдар магистрі
Scopus Id:
Researcher Id:
ORCID: 0000-0001-6170-6996
Қосымша:
-
Аты-жөні: Сәйдірахман Ұшқын журналистика мамандығы бойынша әлеуметтік ғылымдарының магистры
Scopus Id:
Researcher Id:
ORCID: 0000-0002-3637-8908
Қосымша:
-
Аты-жөні: Кәрімхан Заңғар Тілеуғазыұлы, педагогика ғылымдарының магистрі
Scopus Id:
Researcher Id:
ORCID: 0000-0003-4900-4240
Қосымша:
-
Аты-жөні: Тоқтарбай Елдос Нүсіпұлы, Гуманитарлық ғылымдар магистрі
Scopus Id:
Researcher Id:
ORCID: 0000-0003-0346-2246
Қосымша: