Стратегиялық жоспарлау және талдау орталығы (СЖТО)– оқытушылар, білім алушылар және қызметкерлер, сондай-ақ одан тыс жерлерде әлеуметтік қолданбалы зерттеулерді ұйымдастырып, жүзеге асыратын, жоғары мектептердің, орталықтардың стратегиялық жоспарларын әзірлейтін дербес құрылымдық бөлімше болып табылады.
СЖТО - қызметінің негізгі бағыттары:
- білім беру қызметтерінің сапасына жүйелі әлеуметтік мониторинг жүргізу;
- оқытушыларға, білім алушыларға және қызметкерлерге, сондай-ақ Абай ауданының мектеп оқушылары мен басқа да мүдделі тұлғаларға тұрақты түрде әлеуметтік сауалнамалар жүргізу;
- университеттің даму бағдарламасының жоспарының нысаналы индикаторларының орындалуын талдайды;
- университеттің даму бағдарламасының жоспарының көрсеткіштеріне қол жеткізу шеңберінде құрылымдық бөлімшелердің қызметін үйлестіреді;
- университеттің даму бағдарламасының көрсеткіштеріне қол жеткізу шеңберінде жоғары мектептер мен ғылыми-зерттеу орталықтарының қызметін үйлестіреді.
- ақпаратты жинау және өңдеу, мәліметтерді талдау және бағалау, аналитикалық есептерді, ұсыныстарды дайындау және оларды Басқарма төрағасы - Ректорға, декандарға, кафедраларға, университеттің тиісті құрылымдық бөлімшелеріне ұсыну. Сауалнама деректерін университет сайтына орналастыру (https://clck.ru/rbpTi);
- университет ішінде де, оның сыртында да қоғамдық пікірді бақылау жобаларын жоспарлау, әзірлеу және жүзеге асыру;
- оқу үдерісінің сапасын арттыру шеңберінде әлеуметтік зерттеулер жүргізуге құрылымдық бөлімшелерден өтінімдерді қабылдау;
- білім алушылар, оқытушылар және университет қызметкерлері арасында өзекті тақырыптар мен сауалнама сұрақтарын әзірлеу;
- зерттеу нәтижелерінің қорытынды презентациясын әзірлеу және сауалнама бойынша ұсыныстар беру;
- анықталған проблемалардың шешімін табудың заңдылықтарын белгілеп, негізделген шараларды ұсыну;
- білім беру қызметінің сапасын басқару саласында университетте жүргізілетін іс-шараларды әлеуметтік қамтамасыз ету;
- ЖОО-да кадрлар даярлау сапасын төмендететін келеңсіз құбылыстардың таралуын шектеуге мүмкіндік беретін талдау нәтижелері бойынша ұсыныстарды қалыптастыру;
- қоғам мен университеттің әлеуметтік мәселелеріне қызығушылығын арттыру мақсатында кездесулер, түсіндірме семинарлар ұйымдастырып, өткізу.