- шетелдік, отандық жоғары оқу орындарының оқу процесін ұйымдастыру және әдістемелік қамтамасыз ету тәжірибесін зерделеу, олардың негізінде университетте білім беру сапасын арттыру бойынша ұсыныстарды айқындау;
- НҚА сараптау, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы әдістемелік ұсынымдарды талдау, білім беру процесін реттейтін ішкі нормативтік құжаттарды әзірлеу;
- Академиялық кеңес пен Академиялық Комитеттің қызметін ұйымдастырумен қамтамасыз ету;
- еңбек нарығының талаптарына және ғылым мен білім берудің даму үрдістеріне сәйкес кадрларды даярлаудың перспективалық бағыттарын айқындау;
- университеттің барлық құрылымдық бөлімдерін ББ жобалау және әдістемелік қамтамасыз ету мәселелері бойынша қызметін ұйымдастыру;
- бакалавриат, магистратура және докторантураның білім беру бағдарламаларын әдістемелік қамтамасыз етудің қағидаттары мен бағыттарын айқындау;
- білім беру бағдарламаларын әзірлеу және іске асыру процесін әдістемелік қамтамасыз ету;
- оқу процесінде пайдаланылатын оқу - әдістемелік материалдарды профессорлық-оқытушылық құрамның (бұдан әрі-ПОҚ) әзірлеу процесін әдістемелік қамтамасыз ету;
- оқу материалы мазмұнының өзектілігін мониторингілеу, оқытудың инновациялық әдістерін қолдану және білім алушылардың білімін бақылау;
- оқу және оқу-әдістемелік процестерді жетілдіру бойынша перспективалық бағыттарды айқындау.