Шәкәрім университетінің Кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау орталығының ұйымдастыруымен 2022 жылдың 14-19 наурыз аралығында өткен «Зейіні тұрақсыз балаларды түзете-дамытудың әдіс-тәсілдері» атты оқыту семинары өз мәресіне жетті.
Семинарға Алматы, Қызылорда, Түркістан және Шығыс Қазақстан облыстарының білім беру мекемелерінің 19 маманы мен 10 ата-ана онлайн және офлайн форматта қатысты.
Семинарға қатысқан тыңдаушылар балалар психологиясын, АВА-терапия негіздерін, сондай-ақ назарды тұрақтандыру мен баланың қабылдауын жетілдірудегі дефектологиялық, психологиялық бағыттағы әдістермен танысты. Тыңдаушылар арнайы сертификаттарға ие болды.
Ұйымдастырушылар және тыңдаушылар атынан семинар спикерлері Ш.А.Нурахметова, Н.А.Рахимжанова, Г.С. Турсунгожинова, Ж.А.Дюсембаеваға өз алғысымызды білдіреміз.
Өз кезегінде тыңдаушылар да спикерлерге және семинар ұйымдастырушыларына ризашылықтарын айтып, оң пікір мен жылы лебіздерін білдірді.