22 қаңтар 2024

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ӘЛЕУЕТТІ КҮШЕЙТУ

Ағымдағы жылдың 22 қантарынан бастап Абай облысында орналасқан қос университет Shakarim University және Alikhan Bokeikhan University 120-ға жуық профессорлық-оқытушылық құрамы Shakarim University базасында "Педагогикалық білім беру әлеуетін арттыру" жобасы аясында ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Дүниежүзілік банк ұйымдастырған біліктілікті арттыру курсынан өтті. Курс мақсаты – білім беруді жаңғырту жағдайында педагогикалық құзыреттілік салаларын арттыру және оқу бағдарламаларын (силлабустар) әзірлеу арқылы кәсіби құзыреттіліктерді түсінуді тереңдету.