19 қаңтар 2024

«ОҚЫТУШЫНЫҢ РӨЛІН ТРАНСФОРМАЦИЯЛАУ: ПЕДАГОГ, ҒАЛЫМ, МОДЕРАТОР» ҚЫСҚЫ МЕКТЕБІ

Шәкәрім университетінде орталықтың ұйымдастыруымен «Оқытушының рөлін трансформациялау: педагог, ғалым, модератор» атты қысқы мектебі 15-19 қаңтар аралығында өтті.
Сапаны қамтамасыз етуде ішкі процестерді ұйымдастырудың тиімділігін арттыру мақсатында өткізілген іс-шараға ПОҚ, кафедра меңгерушілері және факультет декандары қатысты.
Шараның алғашқы күні қызметтің негізгі көрсеткіштері бойынша ПОҚ қызметін бағалау, университет миссиясын жүзеге асырудағы әлеуметтік мониторингтің рөлі, ПОҚ ғылыми әлеуетін дамытуда шетелдік ғылыми ұйымдарда озық тәжірибені игеру және оқу процесінде жасанды интеллекті пайдалану мәселелері қарастырылды.