«Шәкәрім атындағы университет КЕАҚ» психологиялық қызмет орталығы және «Well-being psy_club_shakarim» еріктілер психологиялық клубы Семей қаласының «Салауат» жастар денсаулық орталығымен бірлесіп, университет студенттеріне арналған «Стресске төзімділік және эмоционалды өзін-өзі реттеу» тақырыбында психологиялық тренинг өткізді. Тренингтің мақсаты: өнімділікті, әл-ауқатты және жалпы өмір сапасын қамтамасыз ете алатын стресс пен эмоцияны тиімді басқару тәжірибелерін меңгеру мүмкіндігін қамтамасыз ету. Қазіргі уақытта стресстер мен жоғары эмоционалдық жүктемелер біздің күнделікті өмірімізде жиі кездеседі. Тренингте келесі мәселелер қарастырылады:денеге әсер ететін стресс пен эго табиғаты; релаксация әдістері және кернеуді жеңілдету үшін тыныс алу жаттығулары; күнделікті өмірдегі эмоционалды өзін-өзі реттеу стратегиялары; әртүрлі жағдайларда стрессті басқарудың практикалық құралдарымен жан-жақты талқыланды.