2024 жылдың 02 мамырында Шәкәрім университетінде психологиялық қызмет көрсету орталығы жетекшісі профессор Ш.Сатиева және Well-being psy_club_shakarim психологиялық волонтерлық клубы мүшелері «Махаббат - саңырау еститін, соқыр көретін қасиет» атты сенситивті тренинг өткізді. Тренинг Гай Винч еңбектеріне негізделе отырып өтті. Тренинг барысында студенттер баянсыз махаббат, қарым-қатынас барысында түсініспеушілік т.с.с. жағымсыз жағдайларға тап болған жағдайда, алғашқы психологиялық көмек болатын бірқатар жаттығулар мен әдістер алгоритмі туралы практикалық дағдыларды меңгерді. Тренинг соңында алған әсерлерімен рефлексия жасады.