Мақсаты:1 курс білім алушыларының психологиялық денсаулық жағдайын мониторингілеу және бейімделу ерекшеліктерін анықтау.
«Семей қаласының Шәкәрім атындағы университетi» КеАҚ -та 1 курс білім алушыларының психологиялық денсаулық жағдайын мониторингілеу және бейімделу ерекшеліктерін анықтау үшін 2023 жылдың 1-10 қараша аралығында Психологиялық қызмет көрсету орталығының жетекшісі Ш. Сатиева мен еріктілер бірінші курс студентінің бейімделу деңгейіне арналған экспресс-диагностика жүргізді.