Мақсат 2. Аштықты жою

Осы мақсат бойынша Университет тұрақты негізде білім алушыларды, жергілікті өндірушілерді тарта отырып, ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесін өткізеді. Шәкәрім университеті өзін Абай облысының ғылыми HUB ретінде көрсете отырып, азық-түлік қауіпсіздігі және ауыл шаруашылығы саласында жүйелі ғылыми зерттеулер жүргізеді. Мысалы, университеттің стратегиялық серіктесі - Солтүстік-Батыс ауыл шаруашылығы және орман технологиялары университетімен (ҚХР) (https://semgu.kz/kz/news/yntymaqtastyqty-nyghaytud...) бірлесіп Агротехнопарк базасында ғылыми жобаларды іске асырылады, сондай-ақ қос дипломды білім беру бағдарламалары әзірленуде (https://semgu.kz/kz/pages/index?pathway=universite...).