Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі30 қазан 2021

«ACTIVINSPIRE БАҒДАРЛАМАСЫНДА ИНТЕРАКТИВТІ ФЛИПЧАРТТАР ҚҰРУ» АТТЫ СЕМИНАР ӨТТІ

2021 жылдың 30 қазан күні оқытушылардың интерактивті оқыту бағытындағы кәсіби дағдыларын жетілдіру мақсатында гуманитарлық-экономикалық, жаратылыстану-математика мен филология факультеттерінің профессор-оқытушылар құрамына «ActivInspire бағдарламасында интерактивті флипчарттар құру» тақырыбында семинар өткізілді. Семинарды Білім беру үрдісін ұйымдастыру департаментінің Оқу-әдістемелік бөлімі ұйымдастырды. Семинар барысында қатысушылар білім алушылардың ынтасы мен қызығушылығын арттыруға ықпал ететін, ақпаратты беру жылдамдығы мен тыңдаушының қабылдауын синхрондау есебінен оқу үрдісін оңтайландыратын флипчарттар және оқытушылар өз сабақтарында қолдану үшін мультимедиялық сипаттағы «жанды» жасақтамалар жасады. Барлық қатысушылар ActivInspire-ды меңгеру дағдыларымен қатар позитивті эмоциялар, өз өнімдерін жасау бойынша әдістемелік нұсқаулықтар алды.