Іргелі және қолданбалы ғылыми-зерттеу жобаларының сапасын арттыру мақсатында жас ғалымдар арасында университеттің ішкі грант байқауы ұйымдастырылды.
Байқаудың негізгі мақсаты инновациялық жұмыстарды жандандыру, профессор-оқытушылар құрамының, ғылыми-зерттеу, инновациялық-техникалық жобаларға қатысатын университет қызметкерлерінің санын арттыру, магистранттарды, докторанттар мен жас ғалымдарды ғылыми-зерттеу қызметіне тарту болып табылады.
Грант байқауына 11 өтінім қабылданды. Конкурстық құжаттамаға сәйкес әрбір жобаны сараптамалық және конкурстық комиссия бағалайды. Конкурстық комиссия сараптамалық бағалау және қатысушылардың сөз сөйлеуі негізінде шешім шығаратын болады.
Қатысушылар келесі критерийлер бойынша бағаланған жобаларды таныстырды: ғылыми жаңалығы, өзектілігі, зерттеу әдістері, күтілетін нәтижелер, зерттеу тобының жетекшісі мен мүшелерінің құзыреттілігі.
Қорытынды нәтиже университеттің әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларында жарияланады.