Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі14 ақпан 2025шетелдік грант

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АЛМАСУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ГРАНТЫН ҰТЫП АЛДЫ

Шетел тілдері кафедрасының аға оқытушысы, PhD Жұлдыз Нұрланқызы Абишева АҚШ Мемлекеттік департаменті ұйымдастырған «Multi-modal and digital language teaching competencies in the English Language Classroom» (Ағылшын тілі сабағында мультимодальды және цифрлық тіл үйрету дағдылары) гранттық бағдарламасын ұтып алып, АҚШ-та ағылшын тілін оқыту курсында білім алу және тәжірибе алмасу мүмкіндігіне ие болды.

 

 

Бағдарлама аясында Жұлдыз Нұрланқызы екі апталық тренингке қатысып, Рино қаласындағы Невада университетінде ағылшын тілін оқытуда медиа және ақпараттық сауаттылықты дамытуға бағытталған оқу курсынан өтеді. Сонымен қатар, 2025 жылдың 18-21 наурызы аралығында Лонг-Бич қаласында (Калифорния штаты) өтетін жыл сайынғы TESOL халықаралық конвенциясына қатысады.

 

 

«Multi-modal and digital language teaching competencies in the English Language Classroom» бағдарламасы әлемнің түкпір-түкпірінен келген оқытушылармен тәжірибе алмасу және кәсіби даму үшін бірегей мүмкіндік десек те болады.

 

 

Сапарға жұмсалатын барлық шығындарды АҚШ Мемлекеттік департаменті ұсынған грант қаржылай қамтамасыз етеді.