Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі17 ақпан 2025спорт

СТУДЕНТТЕР СПАРТАКИАДАДА СЫНҒА ТҮСЕДІ

Бүгін Shakarim University-де студенттер арасындағы  «Салауатты өмір салты» спартакиадасы жалауын көтерді. 

 


Жыл сайын дәстүрлі түрде өткізілетін спартакиадаға университеттің Зерттеу және Жоғары мектептері мен Шәкәрім жоғары колледжінің студенттері  қатысып, олар футзал, волейбол, стритбол, үстел теннисі, шахмат, гір көтеру, қол күресі, тоғызқұмалақ, арқан тарту, садақ ату сияқты спорт түрлерінен бақ сынасады.

 


Салауатты өмір салтын насихаттауға арналған іс-шараны  университеттің стратегия және әлеуметтік даму жөніндегі проректоры Асқар Қасымов ашып,  спорттық бәсекеде бақ сынайтын студенттерге сәттілік тіледі.

 


Асқар Қасымов жастардың салауатты өмір салтын ұстануы маңызды екенін, спорттың денсаулықты нығайту үшін ғана емес, сонымен қатар, рухани және интеллектуалды даму үшін де қажет екенін атап өтті. Сонымен қатар, спорттық бәйге университет студенттерінің белсенділігі мен командалық рухын арттыруға, олардың әлеуметтік байланыстарын нығайтуға ықпал ететініне де тоқталды.   

 


Мұндай спорттық сайыстар білім ордасының спорттық мәдениетін көтеруге және салауатты өмір салтын насихаттауға үлкен үлес қосады.