Кеше Шәкәрім университетінде аймақтық семинар басталғандығын хабарлаған болатынбыз. https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=621704765677710&id=100035145771446
2 күнге созылған семинарда жоғары білімнің еуропалық кеңістігінде сапаны қамтамасыз ету стандарттары мен нұсқаулығы (ESG) бойынша практикалық тапсырмалармен таныстырып, төмендегі баяндамалар тыңдалды:
• Astana IT University ректоры Д.Ахмед-Заки «Ақпаратты басқару»; «Жұртшылықты ақпараттандыру».
• Astana IT University бірінші проректоры С.Өмірбаев «Бағдарламаларды әзірлеу және бекіту»; «Студент – орталықтанған білім беру, оқыту және үлгерімді бағалау»; «Білім беру ресурстары мен студенттерді қолдау жүйесі».
• Astana IT University стратегия және корпоративтік басқару департаментінің директоры А.Мұқатаев «Студенттерді қабылдау, үлгерім, біліктілікті тану және сертификаттау»; «Оқытушылар құрамы» «Білім беру бағдарламаларын тұрақты мониторингтеу және мерзімді бағалау», «Сапаны циклдік сыртқы бағалау».
Аталған семинарға Шәкәрім атындағы университеті, С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті, Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті, С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті, Қазақстан-Американдық еркін университеті, Семей медициналық университеті, Павлодар педагогикалық университеті, Торайғыров университеті және Alikhan Bokeikhan University жоғары оқу орындарының академиялық мәселелер және сапаны қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі құрылымдық бөлімшелердің басшылары мен мамандары қатысты.
Іс-шара соңында қатысушыларға аймақтық семинарға қатысқанын және 3-ші Модульді сәтті аяқтағанын растайтын арнайы сертификаттар берілді.