Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі20 қаңтар 2022

ДӘЛДІК ДИАГНОСТИКАСЫН КӨЗДЕГЕН ЖАҢА ЖОБА

ҚР Білім және ғылым министрлігі жоғарғы оқу орындарында жастардың  білімін, белсенділігін анықтау мақсатында диагностикалық  жүйе енгізуді   ұсынған болатын. Диагностикалық  жүйе - статистиканың тазалығына кепіл.

Осыған орай Шәкәрім университеті басшылығы IT мамандарымызбен ақылдаса отырып,  Shakarim.edu.kz  сайтына студенттердің KPI жүйесін  орнатты.

Студент KPI-ы – стратегиялық және тактикалық мақсаттарға қол жеткізу үшін білім алушылардың үлгерімі мен басқа да игі жетістіктерін нақтылап беретін жүйе. Студенттердің KPI -  жинаған баллдарына сәйкес есептелінеді.  Баллдарын есептеу кезінде төрт  негізгі критерий бойынша  жиынтық нәтижесі ескеріледі:

  • оқу үлгерімі;
  • ғылыми зерттеу жұмысы;
  • қоғамдық және шығармашылық жұмысы;
  • спорттағы белсенділігі.                                                                  

Студенттердің  KPI жүйесінің  дәлдігін жіті  бақылап, баллдарын қойып отыратын құрылым -  Жастар саясаты департаменті. Сондықтан KPI жүйесі  сайттың "Жастар саясаты" бөлімінде орналасқан. Оның ішіндегі  "Студенттер жетістігі" батырмасын басып, ай сайын ең үздік 100 студенттің тізімін көре аласыздар.                                                                           

Білім алушылардың белсенділігін арттыру, бәсекелестікке бейім  заманауи жас тұлғаны қалыптастыру мақсатында Медиа орталық "TOP-10 "  жобасын ұсынады.

Жоба тәртібі бойынша: Медиа орталық ең үздік он студенттің тізімін университеттің әлеуметтік желілеріне ай сайын жариялап тұрады. Мамыр айында ағымдағы жыл соңына дейін «TOP-10»-тан түспей, бәсекелестікте өзін таныта білген ең үздік үш студентпен «TOP-10  Elitе» подкасты жүргізілетін болады. Подкаст  контексіне орай  үздіктермен үлгі мақсатында роликтер дайындалып, әлеуметтік желілерде таратылады.

Оқу жылының соңында «TOP-10» жобасы  бойынша ең үздік ондыққа   университет тарапынан   «Шәкәрім» стипендиясы табысталады.

Студенттердің белсенділік көрсеткішін сараптай келе, 2021 жылдың соңғы желтоқсан айында білім сапасы мен қоғамдық жұмыстарда көш бастаған ҮЗДІК 10 СТУДЕНТТІ шын жүректен құттықтаймыз!

Сонымен желтоқсан айының қорытындысы бойынша үздіктеріміз:

Elite: 

Сүлейменов Нұрбол Ерболұлы - И.т.ф

Сейтназарова Диана Рашидовна - Г.э.ф

Қайрат Айдос Қайратұлы - Г.э.ф

Premium:

Хамитова Әсия Асқарқызы - Г.э.ф

Омарова Аяжан Бауыржанқызы - Ф.ф

Құрманғалиев Ерасыл Асқарұлы - И.т.ф

Рамазанов Ғани Аманғазыұлы -  Г.э.ф

Бопабаева Әсемгүл Тимурқызы - Г.э.ф

Ақмырза Бекзатхан Қанжарбекұлы - И.т.ф 

Еркін Айым Маратқызы - Ф.ф

Шәкәрім Университеті тынысына, тынымсыз тіршілігіне қанығып, келе жатқан  жас мамандар, алар асуларыңыз алда болсын!                                                                                              

Қаңтар айындағы  «TOP-10» үздіктеріміздің  қорытындысын ақпан айында жариялайтын боламыз.