Бүгін Шәкәрім университетінде 6D072400 - «Технологиялық машиналар және жабдықтар» мамандығы бойынша диссертациялық кеңес өтті. Т.ғ.д. Қасенов Әміржан Леонидұлының төрағалығымен философия докторы (PhD) дәрежесiн алу үшiн дайындалған Бакиева Анара Баглановнаның «Тағамдық шикізатты ұсақтау режимдерін жетілдіру мақсатында еттартқыштың кесу механизмінің құрылмасын жасау» тақырыбында докторлық диссертация қорғалды.
Диссертация «Cемей қаласының Шәкәрім атындағы университеті» КеАҚ «Технологиялық жабдықтар және машина жасау» кафедрасында орындалған.
Ғылыми кеңесшілер:
• Какимов Айтбек Калиевич – техника ғылымдарының докторы, «Технологиялық жабдықтар және машина жасау» кафедрасының профессоры, «Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті» КеАҚ, Семей қ., Қазақстан Республикасы;
• Лобасенко Борис Анатольевич - техника ғылымдарының докторы, Кемерово мемлекеттік университетінің профессоры, Кемерово қ., Ресей Федерациясы.