Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі01 желтоқсан 2023өрт тактикалық оқу-жаттығу, пожарно-тактические учения

ДҮРБЕЛЕҢГЕ ЖОЛ ЖОҚ! ӨРТ-ТАКТИКАЛЫҚ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ӨТКІЗІЛДІ

Бүгін Шәкәрім университетінің №1 жатақханасында «Абай облысы Төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары» Республикалық мемлекеттік мекемесінің жоспардан тыс тактикалық оқу-жаттығу жұмыстары жүргізілді.

 

Алдын ала әзірленген бағдарлама бойынша университеттің №1 жатақхана ғимаратында тұтанған өртті сөндіруге арналған жедел әрекет жасалды. Атап айтқанда, төтенше жағдай қызметінің жеке құрамы арнайы көліктерімен шарпыған жалын ортасына жетіп, оны ауыздықтауға кірісті. Нәтижесінде өрт дер кезінде сөндіріліп, жатақхананың компьютерлік сыныбы тілсіз жаудан аман қалды. Оқу жаттығу жиынына төтенше жағдайлар басқармасының офицерлік және жеке құрамынан жалпы 55 адам жұмылдырылды. Сондай-ақ, шарада жедел жәрдем, полиция қызметкерлері, 5 өрт сөндіру көлігі мен басқа да техникалар пайдаланылды.

 

Оқу-жаттығу жұмыстарын жүргізудегі басты мақсат - жеке құрамның өртті сөндіру кезіндегі тәжірибелік дағдыларын машықтау және тілсіз жаудың алдын алу болып табылады. Сондай-ақ білім алушылардың өрт қауіпсіздігі ережелері туралы білімдерін қалыптастырып, қауіп төнген кезде өздерін қорғай білуге үйрету.