Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі06 қараша 2021

ERASMUS+ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ АҚПАРАТТЫҚ КҮНІ

Шәкәрім университетінде Қазақстандағы Erasmus+ бағдарламасының Ақпараттық күні өтті.

Ақпараттық күнге қаланың жоғары оқу орындарының өкілдері, халықаралық ынтымақтастық пен интернационалдандыруға жауапты кафедралар мен халықаралық офистердің қызметкерлері қатысты.

Ақпараттық күн барысында Қазақстандағы ERASMUS + Ұлттық кеңсесінің директоры Шайзада Тасбулатова Еуропалық Одақтың ERASMUS+ жоғары білім берудің әлеуетін арттыру, халықаралық кредиттік ұтқырлық, Эразмус Мундус Бірлескен магистрлік дәрежелері, Жан Моне бағдарламасы және т.б. бойынша бірқатар презентациялар ұсынылды.

Іс-шара Қазақстан Республикасындағы жоғары білімнің Интернационалдандырылуына ықпал етеді және оның негізгі басымдықтарына сәйкес келеді: бірлескен білім беру бағдарламалары, ЖОО білім алушылары, профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлерінің ұтқырлығы, халықаралық жобаларды іске асыру және басқа да мүмкіндіктер.