Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі21 қаңтар 2022

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕ СЕМИНАР ӨТКІЗІЛДІ

️Өңірлік жоғары оқу орындары жергілікті қоғамдастықты интернационалдандыруда ерекше рөл атқарады. Осы орайда Шәкәрім шаңырағында "VUCA контекстінде студентке бағытталған оқыту: жаңа басымдықтар" атты Қысқы мектеп халықаралық деңгейде ұйымдастырылды.

"Жоғары білімді интернационалдандыру контекстіндегі аймақтық университеттің халықаралық ынтымақтастығы" семинарларының сериясы  Халықаралық ынтымақтастық орталығының базасында өтті.

Жиынға АҚШ - тың Қазақстандағы Елшілігінің өкілдері: 

  • Джон Орак Мырза (John Orak) - Мәдениет және білім беру мәселелері жөніндегі атташенің көмекшісі; 
  • Джон Сильвер Мырза (John Silver) - Ағылшын тілі бағдарламаларының өңірлік бөлімінің (RELO) басшысы; 
  • Кенесбаева Айдана - Білім беру және алмасу бағдарламаларының үйлестірушісі; 
  • Шакирова Гаухар - Ағылшын тілі бағдарламаларының үйлестірушісі қатысты.

Семинар барысында АҚШ үкіметі қаржыландыратын бағдарламалар мен жобаларға қатысу мүмкіндіктері таныстырылды.

Халықаралық ынтымақтастық орталығы интернационалдандыру үрдісіне тартылған кафедра өкілдерімен, жас оқытушылармен және университет ғалымдарымен тренингтер ұйымдастырды. 

Сондай-ақ университетіміздің интернационалдандыру бағыттары, екі дипломды бағдарламаларды әзірлеу тәжірибесі,  ұтқырлық және тағылымдамаларды ұйымдастыру  мәселелерін қозғады.