Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі05 сәуір 2022күміс университет, серебряный университет

«КҮМІС УНИВЕРСИТЕТ» ПЕН «БЕЛСЕНДІ ҰЗАҚ ӨМІР СҮРУ ОРТАЛЫҒЫ» ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ

Қазіргі уақытта елімізде үздіксіз білім беру мәселесі өзекті. Осыған орай арнайы тұжырымдама Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 8 шілдедегі №471 қаулысымен бекітіліп, әр тарапты жұмыстар басталып та кетті. Осы тұжырымдама тапсырмаларын орындау мақсатында қара шаңырақта «Күміс университет» өткен оқу жылының соңында ашылып, 8 кластер бойынша өз қызметтерін ұсынуда.

Осы ретте, Шәкәрім Университетінің басшылығы және де ШҚО Семей қаласының №3 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету және белсенді ұзақ өмір сүру орталығының басшылығы өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.

Меморандумның мақсаты - егде жастағы тұлғаларды қолдау, олардың әлеуметтік белсенділігі мен өмір сүру сапасын көтеруге, формальді емес біліммен қамтуға бағытталған әртүрлі қызмет түрлерін бірлесе ұсыну.

Міндеттер:

  • физикалық және рухани денсаулықты нығайту;
  • тілдік кедергілерді жеңу: қазақ, түрік, ағылшын, неміс;
  • цифрлық сауаттылықты дамыту.

Екі жақты жұмысымызға сәттілік тілейміз!