Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі26 ақпан 2024білім, күміс университет, өмір бойы оқу

КҮМІС УНИВЕРСИТЕТІ: 48 САҒАТТЫҚ ҚАЗАҚ ТІЛІ КУРСЫ

Елімізде 2021 жылдан бастап жүзеге асырылып жатқан «Өмір бойы оқу (үздіксіз білім беру) тұжырымдамасы» негізінде Шәкәрім университетінде құрылған «Күміс университет» жобасы 3 жыл бойы нәтижелі жұмыс істеуде. Тыңдаушылар бірнеше кластер бойынша білім алып, өмір бойы оқудың жарқын үлгісін танытуда.
Shakarim University Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаның аясында Кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау орталығының ұйымдастыруымен «Күміс университет» жобасының тыңдаушыларына 48 сағаттық «Қазақ тілі» курсын бастады. Курсты «Қазақ филологиясы және журналистика» кафедрасының оқытушысы Өмірбаев Райымбек жүргізеді.
Қазақстан Республикасы Конститутциясының 7-бабында «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл - қазақ тілі. Мемлекет Қазақстан халқының тілдерін үйрену мен дамыту үшін жағдай туғызуға қомқорлық жасайды» деп белгіленген. Тыңдаушылар студенттік өмірдің атмосферасын қайтадан сезінуге мүмкіндік берген университет ұжымына алғысын білдірді.

Тегінде, адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озбақ. Онан басқа нәрсемен оздым ғой демектің бәрі да ақымақтық.

Абай Құнанбайұлы