Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі22 желтоқсан 2021

МАМАНДЫҚ ТАҢДАУДА КӘСІБИ БАҒДАР БЕРУ ҚЫЗМЕТІ

Мектеп қабырғасында білім алып жүрген әрбір оқушының алдында мамандық таңдау мәселесі тұратыны анық. Қазіргі уақытта бұл мәселе өте маңызды болып отыр. Осы орайда 2021 жылдың 22 желтоқсанында кәсіби бағдар беру жұмысы аясында Шәкәрім университетінің "Тарих және құқық" кафедрасының оқытушылары т.ғ.к. Г.А. Абенова және ф.ғ.к. К.М. Болысова Семей қаласының N26 ЖОББМ түлектерімен кездесу өткізді.
Кездесу мақсаты:
- оқыту профилін және болашақ кәсіби қызмет саласын таңдау барысында студенттерге кәсіптік бағдар беру;
- олардың мүмкіндіктеріне, қабілеттеріне сәйкес және еңбек нарығының талаптарын ескере отырып, қызмет саласын таңдау еркіндігі жағдайында мектеп оқушылары арасында кәсіби өзін-өзі анықтауды дамыту.
Кездесу барысында университетке түсу талаптары, білім беру бағдарламалары туралы толық мəлімет берілді. Атап айтқанда, оқушыларға "тарих" білім беру бағдарламасының ерекшеліктері, осы ББ-ға түсу үшін қажетті бейіндік пәндер, қызмет саласы және тарихшы мамандардың болашақ жұмыс орындары туралы айтылды.
Шара соңында түлектер талаптармен толық танысқандығын жəне алдағы уақытта білімін шыңдау мақсатында дұрыс бағдар таңдайтындығын сөз етті.