Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі10 желтоқсан 2021

МАЗАСЫЗ МАУСЫМ" МУЗЫКАЛЫҚ КОМЕДИЯСЫ ӨТТІ.

10 желтоқсан күні Шәкәрім университетінде жазушы Қуат Қиықбайдың "Мазасыз маусым" шығармасының желісі бойынша, Жастар саясаты бөлімінің маманы Ергали Бектен ұйымдастыруымен қойылым өтті. Қойылымды Шәкәрім шаңырағының "Қаракөз" студент-жастар театрының талантты жастары сомдады.
Қойылымның идеясы-көрерменге студенттік жылдарды құр босқа өткізбей, өз мүддесі мен болашағының игілігіне бағыттау маңыздылығын көрсету болды.
"Мазасыз маусым" музыкалық комедиясы қаладағы жоғары оқу орындарындағы жастардың жатаханадағы қызықтарынан сыр шертеді.
Адам өмірінің ең тамаша, қызығы мен шыжығы қатар жүретін , ең жарқын, думанды кезеңі - студенттік кезең екені белгілі. Ойын-сауық, түрлі кештер, құрбы-құрдас, курстас, әзіл-қалжың, достық, махаббат сынды жастыққа тән дүниелердің бәрі де студенттік өмірдің бөлінбес бөлшегі. Ал сол өмірді мәнді әрі мағыналы өткізудің жолы қандай
Қойылым барысында бұл сауалдың жауабын біріміз тапқандаймыз, енді біріміз естен кетпес, қызықты оқиғаларға толы күндерді, өмірді тануға құштарлық пен білім нәрімен сусындайтын студенттік шаққа шолу жасадық.
"Мазасыз маусым" музыкалық комедиясы өте әсерлі болғаны сондай! Сана сезімімізді дүр сілкіндірді десем артық айтпаймын, қойылым барысында бір жылап, бір күліп отырдық. Сәкен Сейфуллин қазақ театрын ашқан кезде : «Театрға құлағы естімейтін адам келсе, ол сахнада болып жатқан іс-әрекетті көзімен көріп, түсініп, содан ләззат алуы керек. Ал егер көзі көрмейтін зағип кісі келсе, ол тыңдап ләззат алуы керек» - деп Қаракөз студент-жастар театрының талантты тарландары жайлы айтқан-ау сірә?! Жастардың тырнақталды еңбектері көрермен көңілінен шықты.