Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі18 қазан 2021

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ӨЛШЕУЛЕР ӘДІСТЕМЕСІНІҢ НЕГІЗДЕРІ

Семей қаласының Шәкәрім атындағы университетінің Кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау орталығы «Педагогикалық өлшеулер әдістемесінің негіздері» тақырыбында университет оқытушылары мен қызметкерлеріне арналған біліктілікті арттыру курстарын ұйымдастырды. 

Курс сабақтарын ҚР БжҒМ Нұр-сұлтан қаласының Ұлттық тестілеу орталығының қызметкерлері 2021 жылғы 18-22 қазан аралығында офлайн режимінде өткізеді.

Курстың мазмұны магистратураға кешенді тестілеудің тест тапсырмаларын әзірлеудің негізгі кезеңдеріне бағытталған.

Сабақтарды өткізу барысында нормативтік база, педагогикалық критерийлердің негізгі ұғымдары, бағалаудың негізгі қағидаттары мен сапалы тест тапсырмаларын әзірлеу дағдылары, сондай-ақ тест тапсырмаларын әзірлеуге қойылатын негізгі әдістемелік және техникалық талаптар қаралатын болады.

Курстар санитарлық-дезинфекциялық режим нормаларына сәйкес жүргізіледі.