Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі06 қыркүйек 2021ұлт, тіл, әліб-бій

ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ ТІЛДЕР МЕРЕКЕСІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

  • 5 қыркүйек Қазақ халқы тілдері күні мерекесі. 1998 жылдың 20 қаңтарынан бастап 22 қыркүйекте атап өтілетін мереке, ҚР Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы №689 «Қазақстан Республикасында мереке күндер тізбесін бекіту туралы» қаулысына сәйкес, 5 қыркүйек, яғни Ахмет Байтұрсынұлының туған күні – Қазақстан халқы тілдері күні болып бекітілгені баршамызға белгілі.
  • Атаулы датаның өзгеру себебінің өзіндік сыры бар еді - «Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің қуаттысы – тіл» екендігін айтып, ұлағатты сөз қалдырған, қазақ халықының азат тағдыры мен тілі үшін күрескен халқымыздың көрнекті қоғам қайраткері, Алаш арысы, ағартушы, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым, қазақтың ақыны, публицист, педагог, аудармашы – Ахмет Байтұрсынұлының туған күнімен байланысты.
  • Бүгінгі таңда бүкіл қазақстандықтар қазақ әліпбиінің негізін салған ғалымның туған күнінде Тіл мерекесін тойлауда.
  • Семей қаласының Шәкәрім атындағы университетінде Тіл мерекесіне арналған «Мәңгілік ел – мәртебелі тіл» тақырыбында апталық өтуде. Апталық барысында «Тіл – әр халықтың байлығы» тақырыбында бүкіл оқу ғимараттарында сұхбат алаңы, «Өнер алды – қызыл тіл» тақырыбында факультет аралық дебат сайысы, «Тіл – ұлттың жаны» атты факультет аралық ақындар мүшайрасы, филология факультетінің тіл мамандарының қатысуымен кураторлық сағаттар,  ғалымдар мен магистрант, студенттердің қатысумен «Тіл және мәдениетаралық коммуникация» тақырыбындағы республикалық ғылыми-теориялық семинар ұйымдастырылуда.
  • Іс-шараның мақсаты – тілдік мәдениет пен жалпы адами рухани құндылықтарға негізделген қоғамдық келісім мен ұлтаралық татулықты, қазақстандық бірегейлікті, өзара түсіністікті нығайту, дамыту, қазақ тілінің мәртебесін биіктету.
  • «Мәңгілік ел – мәртебелі тіл» тақырыбындағы апталық барысында  өткізілген іс-шаралар, көтерілген мәселелер, талқыланатын сұрақтар ана тіліміз – қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесін биіктетуге өз үлесін қосады деген үміттеміз.
  • Құрметті әріптестер, магистранттар, студенттер,  баршаңызды  Қазақстан халқы тілдер күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!

 

 

Қазақ филологиясы және журналистика

кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.к. Қ.Т.Төлебаева