Жас мамандардың теориялық білімімен қатар, кафедрада алған білімдерін іс жүзінде жетілдіру және бекіту бойынша үлкен жұмыс жүргізуде. Бұған "Семей инжиниринг" АҚ базасында "Технологиялық жабдық және машина жасау" кафедрасы филиалының құрылуы дәлел.
Бүгін «Технологиялық жабдықтар және машинажасау» кафедрасының оқу-өндірістік филиалының ашылу рәсімі өтті.
Шараның мақсаты - студенттер мен магистранттардың оқу процесінде алған теориялық білімдерін практикада бекіту, кәсіби дағдыларды игеру және "Машина жасау" білім беру бағдарламасы бойынша жоғары білікті мамандарды даярлау.
Филиалдың ашылу салтанатына университет басшысы Б.Ердембеков, "Семей инжиниринг" АҚ бас директоры Т.Тұрлыбаев, Инженерлік-технологиялық факультетінің деканы Ж.Тохтаров, "Технологиялық жабдық және машина жасау" кафедрасының меңгерушісі Г.Жұмаділова, "Технологиялық жабдық және машина жасау" кафедрасының профессоры Д. Жайлаубаев пен қауымдастырылған профессор Е. Шаяхметов қатысты.
«Технологиялық жабдықтар және машина жасау» кафедрасының оқу-өндірістік филиалының лентасын қию рәсімі Шәкәрім университетінің басшысы Бауыржан Аманкелдіұлы мен "Семей инжиниринг" акционерлік қоғамының бас директоры Талгат Тоқтарханұлына берілді.
Ашылу салтанатында екі тарап ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды. Меморандум аясында ғылыми-зерттеу жұмысы; кәсіби тәжірибелерді ұйымдастыру және өткізу; кафедра оқытушыларының біліктілігін арттыру бойынша жұмыстар атқарылады. Сонымен қатар білім және ғылым саласында бірлескен жаңа жобаларды жүзеге асырады