Бүгін жүз жылдай тарихы бар, елімізге белгілі талай ғалымдар мен мемлекет қайраткерлерін тәрбиелеп шыққан №5 гимназияда әліппенің тұсаукесер рәсімі өтті.
Білім беру үдерісін ұйымдастыру департаментінің директоры Ұлан Тлемисов Шәкәрім атындағы үш тілде оқытатын көпбейінді №5 гимназияның мектеп табалдырығын аттағалы отырған бүлдіршіндерін құттықтап қайтты.
«ХХ ғасырдың басында қазақ балаларының ой өрісі мен сауатын ұлттық нақышта ашу үшін Ахмет Байтұрсынов атамыз негізін жасаған әліппенің тұсауын кесу рәсімі өтті. Бұл еліміздің білім саласындағы айтуға тұрарлық тарихи күн, сондықтан құрметті Қазақстандықтар ӘЛІППЕ-нің қайтып келуі құтты болсын» ! – деді Білім беру үдерісін ұйымдастыру департаментінің директоры Ұ.Бағдатұлы.