Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі11 қараша 2021

ШӘКӘРІМ МЕН ИТАЛИЯ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫНЫҢ ЖАҢА КӨКЖИЕКТЕРІ

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бағдарламасы аясында дәріс курстарымен саяси және әлеуметтік ғылымдар докторы, профессор Алессандро Фигус келгендігін хабарлаған болатынбыз. https://www.instagram.com/p/CVMlxgAtos8/

Осы уақыт аралығында студенттер, магистранттар мен докторанттар үшін «Еуропалық Одақтың саясат, құқық, әлеуметтік мәселелер, дипломатия және мультимәдениет саласындағы тәжірибесі» тақырыбында дәрістер мен семинарлар ұйымдастырылды.
Сонымен қатар ынтымақтастық әлеуеті профессор Фигустың аудиториялық жұмысы деңгейінде қалған жоқ. Университеттің құрылымдық бөлімшелерінің басшыларымен және мамандарымен академиялық жұмыс, ғылым және коммерцияландыру, интернационалдандыру бағыттары бойынша семинарлар мен кеңес беру кездесулері өткізілді. Профессор Радиоэкологиялық зерттеулер мен Агротехнопарк ғылыми орталықтарында болып, университеттің ғылыми инфрақұрылымымен танысты.

Италиямен ынтымақтастықтың жаңа бағыттары іске қосылды:
- жақын арада итальян тілі курстары басталады;
- итальяндық ынтымақтастық орталығы ашылады;
- Италияда білім алушылар мен оқытушылардың ұтқырлығы үшін келісімдер бекітілді;
- бірлескен жобалар үшін идеялар белгіленді: өтінімдерді дайындауға кіріскен жобалық топтар құрылды.

Кассино және Оңтүстік Лацио университеті мен Шәкәрім университеті арасында өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойылды. Ұзақ мерзімді халықаралық ынтымақтастық заманауи білім берудегі жоғарғы оқу орындарын интернационалдандырудың басты арнасы болып табылады.