Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі22 қараша 2021

ШӘКӘРІМ ШАҢЫРАҒЫНДА ДӘСТҮРЛІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПІКІРСАЙЫС ТУРНИРІ ӨТТІ

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов пікірсайыс қозғалысын дамыту туралы тапсырма берген болатын.  Осы орайда қараша айының 20-21 күндері Шәкәрім шаңырағында ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына арнап, «Конгресс» ИДК ұйымдастыруымен дәстүрлі «Kongress CUP VII» атты республикалық турнир өткізілді.
Турнирға Нұр-Сұлтан, Алматы, Павлодар, Өскемен, Семей қалаларының дебат клубтарынан пікірсайысшылар қатысты. Жалпы қатысқан фракция саны 52.

Турнир мақсаты: қазақ дәстүрлерін жастарға насихаттау, ойлау қабілеттерін дамыту, рухани азық жинауларына себепкер болу. 

Турнир қорытындысы бойынша:
Гранд ФИНАЛ
Бас жүлде иегерлері: Еркебұлан Әріпбай, Жолдасбек Лаура (Нұр-Сұлтан қаласы)
Финалисттер: 
Жасболатова Шынар, Сағымбекова Ботакөз (Семей қаласы)
Меруерт Ұзақбаева, Абылай Боранбай (Нұр-Сұлтан қаласы)
Сламбек Елемес, Жақсылық Бекхан (Нұр-Сұлтан және Павлодар қаласы)
 
Жастар Финалы
Бас жүлде иегерлері: Масалимов Нұржан, Омиралинов Ерасыл (Семей қаласы).
 
Номинациялар бойынша:
«Үздік спикер» - Жолдасбек Лаура (Нұр-Сұлтан қаласы).
«Үздік төреші» - Аймұхаметова Наргиз (Семей қаласы).

"2000 жылы Шәкәрім университетінде алғаш рет Шығыс Қазақстан облысы бойынша дебат қозғалысының бастамасы болып «Конгресс» интеллектуалды дебат клубы құрылды. Бүгінгі таңда Шәкәрім университеті облыстағы пікірсайыстың мектеп лигасы бойынша орталығына айналды. Университет пікірсайысшылары қаламыздағы және еліміздегі пікірсайыс қозғалысын дамытуда талай жобаларды іске асырады деп сенемін",- деді Басқарма мүшесі Берікхан Иісбекұлы. 

«Құр білген керек емес - білгенді іс қылған керек» деп, қазақ әдебиетінің абыз ақсақалы Шәкәрім Құдайбердіұлы айтқандай пікірсайыс тұлғаның бойына дарытқан білімі мен сіңірген ғибратын кемел адам ретінде қолдануына, ой қорытуына мүмкіндік беретін жаңа орта. Шәкәрім университеті қаладағы пікірсайыс қозғалысын қолдауға әрдайым дайын.