Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі03 желтоқсан 2021

ШӘКӘРІМ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ БАСШЫЛЫҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯДА

Бүгін Шәкәрім университетінің басшылығы Павлодардың С.Торайғыров университетіне барды. Негізгі мақсат еліміздегі жоғары білім беруді дамыту перспективаларын талқылап, ынтымақтастық қатынасын орнату болып табылады.
Торайғыров университетінде ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Қазақстан Республикасында жоғары білім беруді дамыту перспективалары» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтуде.
Конференцияның offline режимінде ҚР БҒМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті директорының орынбасары Б. М. Нарбекова, ҚР ҰҒА академиктері, х.ғ.д., профессорлар А. М. Ғазалиев және Б.И. Төлеуов, «Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті» КеАҚ Басқарма төрағасы –Ректоры Б.А. Ердембеков, «Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті» КеАҚ Басқарма Төрағасы – Ректоры Шаймарданов Ж. К., «Павлодар педагогикалық университеті» КеАҚ Басқарма төрағасы – Ректор Ж.О. Жылбаев, Инновациялық Еуразия университетінің ректоры А. В. Алиясова, академик Қ.Сәтпаев атындағы Екібастұз инженерлік-техникалық институтының ректоры Д.М. Сиваракша қатысты.
Конференцияның пленарлық отырысында Басқарма төрағасы Б.А.Ердембеков «Аймақтық университетті трансформациялау: уақыт талабы және нақты қадамдар» атты баяндаманы оқыды.
Баяндама барысында университеттің стратегиялық даму бағыттарын, академиялық ұтқырлық, халықаралық серіктестермен қос дипломды білім беру бағдарламалары бойынша дайындық жүзеге асырылып отырғандығын айтты.
Конференция аясында секциялық отырыстар өткізіліп, конференцияға қатысушылар әлеуметтік-гуманитарлық, техникалық және жаратылыстану-ғылыми білім беруді дамыту, сондай-ақ кәсіпкерлік пен коммерцияландыру саласында тәжірибе алмасты.