Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі08 ақпан 2023біз біргеміз, қаржылай көмек, бауырлас түрік халқы

ШӘКӘРІМ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҰЖЫМЫ ҚАРЖЫЛАЙ КӨМЕК ҚОЛЫН СОЗУДА

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке жойқын жер сілкінісі салдарынан зардап шеккен Түркияға шұғыл көмек ретінде 1 миллион доллар бөлуді тапсырды.
Шәкәрім университетінің ұжымы игі істі қолдау мақсатында Түркия Республикасындағы жер сілкінісі кезінде зардап шеккен азаматтарға көмек көрсету қорына еңбекақыларынан белгілі бір мөлшерде қаражат аударуда.
Шәкәрімдіктер табиғи апат салдарынан қаза тапқан бауырлас түрік халқының қайғысына шын жүректен ортақ.