Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі04 тамыз 2024shakarim university

SHAKARIM UNIVERSITY 2 курс студенті Мерей Қайырбекұлы: Талабы биік маман болып шығатыным сөзсіз.

 

«Шәкәрім Университетін бұрыннан естіп-біліп, керемет жоғарғы оқу орындарының бірі екеніне көз жеткізгенмін. Сонымен қатар, мықты ақын-жазушылар шыққанынан да хабардар бола келе, менің де талантымның қайнаған қызу ортасы осы болар, талабы биік маман болып шығатыным сөзсіз деген оймен таңдадым. Қазір филилогия факультетінде қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімін даярлау мамандығының 2 курс студентімін

Өзімнің талантымды ерте байқағанымның арқасында жазушылыққа, ақындыққа, тілге деген қызығушылығымды арттырғым келді, XXI ғасырдың әдебиетіне, оның ішінді поэзиясын да, прозасына да ерекше леп бергім келеді. Ұстаз болсам оқушылардың бойына әдебиетті дарытамын деген оймен осы мамандықты таңдадым», - дейді студентіміз

Олай болса, Мерейге Шығармашылық табыстар мен ғылыми жетістіктер тілейміз! Қаламың шыңдалып, биік шыңдардан көріне бер! Аңсаған арманыңа жетуіңе тілектеспіз!