Шәкәрім университеті жыл сайын өтетін «Мектепке жол» атты акциясына қатысты.
Дәстүрлі акцияда университеттің бастауыш кәсіподақ ұйымы мектепке баратын 20 бүлдіршіндерге оқуға қажетті құрал жабдықтар салынған сөмкелерді табыстады.
Биылғы акцияның ерекшелігі оқу орны тек өзі ғана қатысқан жоқ. Әріптестеріміз «Қазақстан Халық Банкі» АҚ Семей өңірлік филиалы 10 балаға жаңа оқу жылына дайындалуға көмек көрсетіп, мейірімділік сыйлады.
Сонымен қатар «QAZBILIM» республикалық орталығы мектеп табалдырығын алғашқы рет аттағалы отырған бүлдіршіндерге арнайы 200 кітап ұсынса, «Парасат» білім беру орталығы арнайы оқу курс сертификаттарын табыстады.
Сондай-ақ университет түлегі, «Шалабай» ЖШС бас директоры Қуаныш Сүлейменов 1000 мектеп оқушыларына ақшалай сертификаттар ұсынды.
Шараға қатысқан балалардың ата-аналары университетке осындай игі шараны ұйымдастырғаны үшін ризашылықтарын білдіріп, оқу орнына ізгі тілектерін білдірді.