Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі16 қазан 2021

ШӘКӘРІМДІКТЕР ОРМАН ШАРУАШЫЛЫҒЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ КҮНІНЕ ОРАЙ ҚАРАҒАЙ КӨШЕТТЕРІН ОТЫРҒЫЗДЫ

Ормандарды молықтыру  көлемін ұлғайту  жөніндегі Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 1 қыркүйектегі   Жолдауын іске асыру шеңберінде және  17 – қазан «Орман шаруашылығы жұмысшылары күніне» орай  «Орман шаруашылығы және аңшылықтану» білім беру бағдарламасының 1 курс  студенттері  топ эдвайзері  PhD  А.Закиевамен бірге  «Семей орманы»МОТР» РММ Семей филиалының Краснокордон орманшылығы аумағында қарағай көшеттерін отырғызу іс – шарасына қатысты. 

Іс – шараның мақсаты – Ертіс өңірінің қарағайлы орманын қалпына келтіру. 
Барлығы 20 мың дана жабық тамыр жүйесі бар көшеттер 4,8 гектар жерге отырғызылды. 

Жалпы  «Семей орманы»МОТР» РММ жағдайында 2021-2025 жылдары орманды қалпына келтіру бойынша келесі жоспар қойылған: 2021 жылы 3600,0га  ауданға, 2022 жылы -  4500,0 га-ға, 2023 жылы – 5100, га-ға, 2024 жылы – 6100,0 га-ға, 2025 жылы – 6100 га-ға. 

Іс – шараға қатысқан 1 курс студенттері таңдаған мамандық туралы пайдалы ақпараттар алды, ағаш отырғызу ісінің қыр – сырымен танысты әрі өртеңген жерлерді  қалпына келтіруге өз үлестерің қосты. 

Ағаш отырғызу – үлкен тәжірибе, соның арқасында Сен ғаламшар үшін және Өзің үшін уақытыңды пайдалы іске арнайсың.