Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі05 наурыз 20228 марта праздник концерт

«ШӘКӘРІМНІҢ ШУАҚТЫ АРУЛАРЫ» МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТІ ӨТТІ

Абай театрында 8 наурыз – халықаралық әйелдер мерекесі аталып өтті.

Мерекелік шараның құттықтау сөзі университет басшысы Б.Ердембековке берілді. Бауыржан Аманкелдіұлы университеттің барлық ер азаматтары атынан әйелдер қауымын мерекемен құттықтап, тарихта аты қалған әйгілі аруларды айтып өтіп, қазақ қоғамындағы қазақ қызының, Әйел-Ананың, әженің орнын айшықтады. Сөз соңынан Шәкәрім аруларына өлең шумақтарын арнады:

  • Сіздерге қарап күн күлген,
  • Көктем де келді күмбірлеп.
  • Жайдары мінез арулар,
  • Жайқалып тұрсыз сүмбілдей.
  • Білімнің жағып шырағын,
  • Ғылымның құрап құрағын.
  • Келесіңдер-ау көтеріп,
  • Ұстаздың ұлы ұранын.
  • Мың шәкіртке нәр берген,
  • Парасатты ойдың бұлағы.
  • Арулар, саған сыйлаймын,
  • Көктемнің салған жыр әнін!

Кешті тамашалуға келген барша аналар мен аруларға ерекше құрмет көрсетіліп, университеттің ер азаматтары гүл шоқтарын таратты.

Салтанатты шарада университеттің профессор-оқытушылар құрамы мен «Дариға-ай» жастар театры актерлерінің әсем әндері мен қойылымдары көрсетілді. Оқу орны оқытушылары мен қызметкерлерінен құралған «Қайдасың,40?» КВН командасы өнер көрсетті. Сондай-ақ, концертте «Қара бала» квартеті «Қыздар-қыздар» әнін шырқады.

Мерекелік шара Шәкәрім шаңырағының рухына айналған «Шәкәрім маршы» әнімен аяқталды.