Шәкәрім университетінің баспасөз қызметіабай, жидебай, шәкәрім

«ТАБИҒАТ ЖӘНЕ МЕН» АТТЫ КӨРМЕ АШЫЛДЫ

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында 
Абайдың ,,Жидебай-Бөрілі,, мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық  қорық-музейінде «Табиғат және мен» атты  көрменің ашылу рәсімі өтті. Бұл көрмеге Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі, Шәкәрім университетінің аға оқытушысы Сағат Адылханұлының шығармалары қойылды. 

Рәсімге Шәкәрім университетінің Басқарма төрағасы – Ректор Б.Ердембеков,  Абай музейі директорының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары М.Қайрамбаева, суретші, профессор Н.Өтепбаев, Абай аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы, ақын Е.Оразалин, Қазақстан Суретшілер одағының Семей қаласы бойынша төрағасы, суретші Т.Жұбанышев, суретші, педагогика ғылымдарының кандидаты М.Мырзақанов бастаған қаламызға белгілі зиялы қауым өкілдері , құрылымдық бөлім басшылары мен профессор-оқытушылар құрамы қатысты.

Сағат Адылханов Шәкәрім шаңырағында 1994 жылдан бастап қызмет атқаруда. Бүгінде сәндік-қолданбалы өнеріне ерекше көңіл бөліп соның ішінде ағашты көркемдеп өңдеуді дәстүрге айландырып, жастарға инновациялық жолмен білім беріп жүрген оқытушылардың бірі.

Аталған көрмеге өнер иесінің 50-ге тарта таңдаулы жұмыстары, елдің ерекше ықыласы мен ілтипатына бөленген еңбектеріне орын берілген. Көрмені қала тұрғындары мен қонақтары қазан айының 11-не дейін тамашалай алады.

Өнері мен біліктілігін шәкірттерге үйретіп, ел мәдениетіне үлес қосып жүрген әріптесіміз Сағат Адылханұлына шығармашылық табыс тілейміз!

Тегінде, адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озбақ. Онан басқа нәрсемен оздым ғой демектің бәрі да ақымақтық.

Абай Құнанбайұлы