Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі17 желтоқсан 2021

УНИВЕРСИТЕТ ДЕЛЕГАЦИЯСЫ ERASMUS+ ЖОБАСЫНА ҚАТЫСТЫ

"Қазақстанда дуалды жүйені енгізу – KazDUAL" (http://kazdual.kz/) Erasmus+ Халықаралық жобасының мониторингі М. Әуезов атындағы ОҚУ-нің базасында жүргізілді.
Шараға Шәкәрім университетінің жоба мүшелері оффлайн және онлайн форматында қатысты. Іс-шара ERASMUS+ Қазақстандағы ұлттық кеңсесінің директоры Шайзада Өмірзаққызы Тасболатованың жетекшілігімен өткізілді.
Алдын ала мониторингтің міндеттері жобаға ерте сатыда көмек көрсету; жобаның жергілікті және ұлттық деңгейде танылуын арттыруға жәрдемдесу; жобаны іске асырудың мақсаттары мен басымдықтарына, әдіснамасына, жоспарланған іс-шараларға шолу жүргізу болып табылады.
Жобаның мақсаты – жұмыс берушілердің қажеттіліктеріне сәйкес студенттердің құзыреттілігін жақсартуға, түлектердің жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін арттыруға және ынтымақтастықты нығайтуға мүмкіндік беретін дуалды жүйені Қазақстанға бейімдеу.
Студенттер мен оқытушылар құрамына формальды білім беруді өндірістік оқумен ұштастыру арқылы инновациялық білім мен дағдыларды алуға мүмкіндіктер ашылады.