Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі24 ақпан 2023ашылды, тігін цехы, бренд

ЖАНДАНҒАН ТІГІН ЦЕХЫ

Бүгін Шәкәрім университетінде "Шәкәрім өрнектері" тігін цехының ашылу салтанаты өтті.
-Оқу орнының ішкі сұраныстарын қамтамасыз ету мен білім алушылардың кәсіптік дағдыларын шындау, нағыз сұранысқа сай мамандарды даярлау мақсатында тігін цехын жандандырып отырмыз. Студенттеріміз ұлттық нақыштағы заманауи камзолдар мен брендтік киімдердің озық үлгілерін қалыптастыруда. Бұл студенттеріміздің отандық сәндік мода саласына қосқан үлесі деп білемін,- деді тігін цехының меңгерушісі Құралай Жабагина.
Аталған цехта студенттердің стартап жобаларын іске асыруға, жеке брендтік киім үлгілерін қалыптастаруға мүмкіндіктері бар.
Университет басшылығы тігін шеберханасының ашылуына атсалысқан қатысушыларға алғыс білдіріп, сәттілік тіледі.