Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі12 қыркүйек 2022жолдау, студенттермен кездесу

«ЖАҢА ЭКОНОМИКАЛЫҚ САЯСАТ: ПРОБЛЕМАЛАР ЖӘНЕ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ» ФОРСАЙТЫ

Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың кезекті Қазақстан халқына Жолдауында елдің экономика және әлеуметтік салаларындағы күн тәртібінде тұрған кезек күттірмейтін аса маңызды міндеттерді белгілеп берді. Президент өз Жолдауында әділетті қоғам орнатудың басты бағдары - елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайын көтеру екенін айтты.
Осы орайда «Экономика және қаржы» кафедрасының ұйымдастыруымен «Жаңа экономикалық саясат: проблемалар және шешу жолдары» атты форсайт өтті. Форсайт Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлының кезекті Жолдауын көрсетуден басталды.
«Басты мақсатымыз еліміздің алдында тұрған салауатты, саналы, білімді, ақыл-парасаты мол және ғылыми-мәдени өрісі кең ұрпақ тәрбиелеу бағытында Мемлекет басшысының кезекті Жолдауын жас буын өкілдеріне түсіндіру»,-дейді Гуманитарлық-экономика факультетінің деканы Мақсат Карибаев.
Іс-шараға университет басшылығы, қала депутаттары, профессор-оқытушылар құрамы мен білім алушылары қатысты.
«Жолдауда экономикалық-әлеуметтік мәселелерге басымдылық берілген. Сондықтан да, онда еліміздің даму деңгейі, жалпы көкейкесті мәселелері және оларды әлемдік практика арқылы шешудің жолдары көрсетілді. Биылғы Жолдау ерекше. Өйткені, онда "пафостық насихат" жоқ. Нақты қазіргі қалыптасқан экономикадағы жағдай бұлтартпасыз, ашық айтылды. Бүгінгі таңда аса маңызды дүниелерді қалай ретке келтіру жағдайлары, баға, салық, бизнес, мектеп, ауыл шаруашылығын жаңаша қаржыландыру және т.б. мәселелерді айта отырып, оларды тиімді өзгерістерге әкелудің жаңа механизмдерін көтерді. Жолдаудың маңызы зор!»,- деді Мұхтарбек Қарпықұлы.
Форсайт барысында т.ғ.к., профессор М.Каримов, Семей қаласының мәслихат депутаты А.Калинкин, э.ғ.к., доцент м.а. Б.Қуантқан Президент Жолдауының тарихи маңызын, бағыт-бағдары тақырыптарында баяндама жасады.
Сондай-ақ жиында білім алушылар жас буынға түрлі саланы еркін меңгеріп, өзінің қалаған ісімен айналысуына мемлекет тарапынан түрлі қолдаулар жасалып жатқандығын айтты.

Тегінде, адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озбақ. Онан басқа нәрсемен оздым ғой демектің бәрі да ақымақтық.

Абай Құнанбайұлы