Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі10 қараша 2021

ЖАСТАРҒА МҮМКІНДІК МОЛ

2017 жылдан бастап «Жас Өркен» бағдарламасы еліміздің болашағы мықты, шығармашыл, дарынды жастарда екендігін барлығына дәлелдеп келеді. Осы орайда Шәкәрім университетінің Мансап және жұмысқа орналастыру бөлімінің ұйымдастыруымен "Жас Өркен" жобасына қатысты "Самұрық-Қазына" корпоративтік университетінің өкілімен кездесу өткізілді.

Жиынға Қаржы, Экономика, Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау, Экология, Ақпараттық жүйелер, Автоматтандыру және басқару, Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету, Информатика білім беру бағдарламаларының бітіруші курс студенттері қатысты.

Кездесу барысында дарынды жастарды жетілдіру мақсатында құрылған «Жас өркен» бағдарламасының презентациясы студенттер назарына ұсынылды. Презентацияны аудиториямен тікелей диалог түрінде жүргізген жоба маманы Рашидова Дильдора өткізді.

Бағдарлама 6 турдан тұрады, оның біріншісі 2022 жылдың 1 қаңтарында басталады. Тағылымдамадан өту бағдарламасына кім қатыса алатындығы, қатысушыларды тіркеу, «Жас өркен» бағдарламасы және конкурс шарттары туралы ақпарат – https://www.zhasorken.skcu.kz/ru/page/news сайтынан білуге болады.