Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі04 тамыз 2024студент

Ақылбек Жұлдызбай, грант иегері: ҮМІТ АҚТАЛДЫ!

Бүгінде жүректері дүрсілдеп, мемлекеттік грант конкурсының нәтижесін асыға күткен талапкердердің жанарлары қуанышқа толы. Себебі, дәл бүгін ата-ананың ақ үміті ақталған күн!

 

«Ерекше толқу үстіндемін. Тамаша, бөлек сезім болады екен. Ата-анамның қуанышы да бөлек. Өз басым ол кісілердің үмітін ақтағаныма өте қуаныштымын!»,- университетіміздің тарих мұғалімдерін даярлау мамандығына түскен талапкеріміз дәл осылай дейді!

«Шәкәрім университетінің асқақтаған тарихы мен сапалы білімі үшін дәл осы университетті таңдадым. Бітірген мектебімнің мықты ұстаздарының көпшілігі Шәкәрім университетін тәмәмдаған болатын. Ұстаздарым мен үшін үлгі. Сол ұстаздардай білімділігі мен біліктілігі жарасқан тұлға болғым келеді. Сол үшін де менің таңдауым ШӘКӘРІМ УНИВЕРСИТЕТІ»,- деген грант иегерімізге, алдағы болашақ жолына сәттілік тілей отырып, қош келдің дейміз!