Шәкәрім университетінде «Топырақ ортасының агрохимиялық сипаттамаларын кешенді талдау, агробиологиялық зертхана аумағындағы өсімдік жамылғысының түрлік құрамын анықтау және оны дамыту перспективалары» жобасы бойынша топографиялық және картографиялық жұмыс процесі басталды. Жоба агробиологиялық зертхана аумағын пайдаланудың өнімділігі мен тиімділігін арттыруға көмектесетін агротехникалық жүйені кешенді зерттеуге және дамытуға бағытталған.
Жобаның негізгі мақсаты – өнімділікті арттыруға бағытталған кешенді талдау жүргізу арқылы агробиостанция ресурстарын ұтымды пайдалануға мүмкіндік беретін оңтайлы агротехникалық әдістерді әзірлеу.
Жас ғалымдар өңірдегі қазіргі ауыл шаруашылығы тәжірибесін жетілдіріп, егіншіліктің инновациялық әдістерін дамытуға ниетті. Жоба ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігін айтарлықтай арттыруға, ресурстарды ұтымды пайдалануды және тұрақты ауылшаруашылық тәжірибесін оңтайландыруды мақсат етеді.
Жобаға қатысатын университет қызметкерлері құнды практикалық тәжірибе жинақтап, аграрлық ғылымның дамуына өз үлестерін қосуға бірегей мүмкіндік алады. Болашақта осы жобаның нәтижелері Абай өңірінің ауыл шаруашылығы тәжірибелерін жақсарту үшін пайдаланылуы мүмкін. Келешекте агробиологиялық зертхана ғылыми-әдістемелік қызметін атқарып, оқу үрдісіне тиімді қолданылады.
Жас ізденушілерге сәттілік тілейміз!